Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталды.

– Ол байрақты бәсекенің алғашқы күндері Жақсылық Үшкемпіровтің даңқты жолын жалғады. Ел тарихында тұңғыш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алды. Елдос бауырым, сен Олимпиадаға аттанар алдында маған және барлық спорт жанкүйерлеріне бар күш-жігерімді жеңіске жету үшін жұмсаймын деп уәде бердің. Сөзіңде тұрдың. Нағыз жігітсің! Біз бәріміз сені мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қатарынан үш рет Олимпиада жүлдегері атану – нағыз чемпионның қолынан келетін ерлік. Сенің жеңісті жолың спортшыларымызға жігер берді, барша халқымызды қуанышқа бөледі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев төртжылдықтың додасынан жүлдемен оралған өзге спортшыларға, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

– Нариман Құрбановтың күміс жүлдесін тарихи жетістік деуге болады. Гимнастика шеберлері тұңғыш рет Олимпиада биігін бағындырып отыр. Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті. Мергендеріміз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысана көздеуден қола медаль алды. Бұл – 28 жылдан бері еліміздің осы спорт түрінен алған алғашқы жүлдесі. Балуан Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына қосылды. Жалпы барлық мемлекет Олимпиадаға ең мықты спортшыларын жібереді. Шын мәнінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, әлемдік бәсекеде жеңіске жету оңай емес. Мұндай жаһандық додада ел қоржынына түскен әр медальдің орны айрықша. Сондықтан бүгін мен Олимпиада жүлдесіне ие болған барша спортшыларымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жеңіс жолында спортшы ғана емес, сол саланың көптеген мамандары да тер төгеді. Мен бапкерлерге, спортшыларды дайындауға үлес қосқан басқа да кәсіп иелеріне алғыс айтамын. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары жұмысқа жаңа серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды қадам жасады. Жауапты сәттерде спортшыларымыздың қасында болып, қолдау көрсетті. Ұлттық Олимпиада комитеті бастаған істі жалғастырып, алдағы уақытта нақты нәтижеге жетеді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

ПСЖ тарихта тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды
Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды
Қазақстандық алып үш әлемдік рекорд орнатты
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
«Челси» үш түрлі еурокубок жеңіп алған тарихтағы алғашқы команда атанды
«Челси» Конференция Лигасының чемпионы
Ресми: «Барселона» Ламин Ямальмен келісімшарт мерзімін 2031 жылдың шілде айына дейін ұзартты
Каратеден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Криштиану Роналду «Әл-Хиләлге» ауысуы мүмкін
Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті
Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кетуі мүмкін
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Ресми: Эрик Тен Хаг «Байер» клубының бас бапкері болып тағайындалды
АҚШ құрамасы 1960 жылдан бері алғаш рет хоккейден әлем чемпионы атанды