Басты Жаңалықтар «Әлем Барысы». Павлодарға уругвайлық палуан келеді

«Әлем Барысы». Павлодарға уругвайлық палуан келеді

«Әлем Барысы». Павлодарға уругвайлық палуан келеді
«Әлем Барысына» мұхит асып, сонау Латын Америкасынан да палуандар келмек. Соның бірі уругвайлық – Хуан-Пабло Мело Бортоли. Мело Бортоли өте әмбебап палуан. Самбо, еркін күрес, джиу-джитсу, грек-рим күресінен хабары әрі жүлделері де бар. Бүгінде Латын Америкасындағы ең үздік палуандардың бірі осы – Мело Бортоли. Туған жыл – 1979 ж. Жасы – 35. Бойы – 190 см. Салмағы – 100 келіден жоғары. Жетістіктері: 2006, 2007 жылдары джиу-джитсудан Жапонияда өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері; 2006, 2007 жылдары самбодан Парагвайда өткен жарыстың жеңімпазы; 2008–2012 жылдар аралығында әскери самбодан Аргентина чемпионы; 2011, 2013 жылдары Аргенитанада өткен самбодан және еркін күрестен өткен жарыстың күміс жүлдегері; 2013-2014 жылы грек-рим күресінен екі дүркін Уругвай чемпионы және екі жыл қатарынан Уругвайдың ең үздік палуаны атанған.
Бөлісу