Басты Жаңалықтар Темірхан Досмұхамбетов ҚР Ат спорты федерациясының басшысы болып тағайындалды (ФОТО)

Темірхан Досмұхамбетов ҚР Ат спорты федерациясының басшысы болып тағайындалды (ФОТО)

Темірхан Досмұхамбетов ҚР Ат спорты федерациясының басшысы болып тағайындалды (ФОТО)
ҚР Ат спорты федерациясының жаңа басшысы болып Темірхан Досмұхамбетов сайлану туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Жиында осы уақытқа дейін федерацияны басқарған Сергей Буйкеевич елімізде ат спортының дамуы туралы айтты. Ол қазір Қазақстанда ат спортының бес түрі, оның ішінде үш олимпиадалық түрі белсенді дамып жатқанын және 19 қазақстандық халықаралық бапкер екенін айтып, спортшылар мен аттарды жарыстарға дайындау үшін барлығымен жабдықталған екі базаның жұмысы туралы жеткізді. Шешімін таппаған мәселелер ретінде Буйкеевич Олимпиадалық ойындарға деген дайындықты айтты. «Мен Сергей Михайловичке алғыс білдіргім келеді. Ол Қазақстанда ат спорты дамуы үшін көп жұмыс атқарды. Қазақстандағы ең үздік ипподромды өз қаражатына салдырды», - деді федерацияның жаңа басшысы Темірхан Досмұхамбетов. Сонымен қатар, Досмұхамбетов Сергей Буйкеевичті ҚР Ат спорты федерациясының құрметті президенті етіп сайлауға ұсыныс жасады. Ұсынысты отырғандардың барлығы қолдады.
Бөлісу