Темірхан Досмұхамбетов ҚР Ат спорты федерациясының басшысы болып тағайындалды (ФОТО)
ҚР Ат спорты федерациясының жаңа басшысы болып Темірхан Досмұхамбетов сайлану туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Жиында осы уақытқа дейін федерацияны басқарған Сергей Буйкеевич елімізде ат спортының дамуы туралы айтты. Ол қазір Қазақстанда ат спортының бес түрі, оның ішінде үш олимпиадалық түрі белсенді дамып жатқанын және 19 қазақстандық халықаралық бапкер екенін айтып, спортшылар мен аттарды жарыстарға дайындау үшін барлығымен жабдықталған екі базаның жұмысы туралы жеткізді. Шешімін таппаған мәселелер ретінде Буйкеевич Олимпиадалық ойындарға деген дайындықты айтты.
«Мен Сергей Михайловичке алғыс білдіргім келеді. Ол Қазақстанда ат спорты дамуы үшін көп жұмыс атқарды. Қазақстандағы ең үздік ипподромды өз қаражатына салдырды», - деді федерацияның жаңа басшысы Темірхан Досмұхамбетов.
Сонымен қатар, Досмұхамбетов Сергей Буйкеевичті ҚР Ат спорты федерациясының құрметті президенті етіп сайлауға ұсыныс жасады. Ұсынысты отырғандардың барлығы қолдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30