Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан алғашқы жарыс күні аяқталды.
Қазақстан құрамасы алғашқы күнді екі күміс медальмен қорытындылады.
Әбиба Әбужақынова (48 кг)
Абиба финалға дейін жетіп, алтын жүлде үшін болған белдесуде жапониялық Мицуки Кондоға есе жіберді.
Елдос Сметов (60 кг)
Олимпиада чемпионы финалда жапониялық Хаято Кондоға жол беріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) пен Меруерт Сәрсенова (52 кг) қола медаль үшін белдесіп, жүлдеге іліге алмады.
Ертең татамиге Қазақстан құрамасының тағы бес спортшысы шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды
20.11.2026, 17:44
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы
20.11.2026, 11:10
Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
19.11.2026, 16:08
Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
19.11.2026, 15:31
Қазақстанда алдағы екі жылда UFC турнирі өтуі мүмкін
19.11.2026, 14:59
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Азия ұлттары кубогының қола жүлдегері атанды
19.11.2026, 13:03
Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды
19.11.2026, 10:21
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
18.11.2026, 19:24