Басты Жаңалықтар Астанада ат спортынан халықаралық жарыс өтеді

Астанада ат спортынан халықаралық жарыс өтеді

Астанада ат спортынан халықаралық жарыс өтеді

18-22 қараша аралығында елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде конкурдан FEI Әлем кубогы Еуразиялық лигасының финалы (FEI Jumping World Cup Eurasian League Final CSI-W Astana 2026) өтеді. Халықаралық жарысқа Еуразиялық лиганың үздік шабандоздары қатысады.

Турнирде FEI Әлем кубогы Еуразиялық лигасының жалпы рейтингінде жоғары нәтиже көрсеткен үздік 40 шабандоз өнер көрсетеді.

Бұдан бөлек, Еуразиялық ат спорты қауымдастығы (EEA) шетелдік спортшыларға қосымша шақырту жіберуі мүмкін. Қабылдаушы ел атынан 10-ға жуық қазақстандық шабандоз қатыса алады. Жарысқа қатысушылардың жалпы квотасы - 60 спортшы.

Турнирге қатысу үшін 11 елдің ұлттық федерациясына шақырту жіберілді. Олар: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Иран, Әзербайжан, Армения, Грузия, Молдова, Ресей және Түрікменстан.

Еуразиялық лига финалының Астанада өтуі отандық ат спортының дамуына серпін бермек. Жарыс қазақстандық шабандоздарға халықаралық аренада бақ сынап, шетелдік спортшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Жарыстың тікелей трансляциясын күн сайын сағат 11:00 және 15:00-де «Qazsport» телеарнасынан және qazsporttv.kz сайтынан көре аласыздар.


Бөлісу