Басты Жаңалықтар Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте көш бастады

World Boxing ұйымы қараша айындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңа тізімде төрт қазақстандық боксшы өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға жайғасты.

Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (50 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өз салмақтарында әлемнің үздік боксшылары атанды.

Сонымен қатар Махмұд Сабырхан (55 келі), Назым Қызайбай (48 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) рейтингте екінші орынға тұрақтады. Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алуа Балқыбекова (51 келі) бір саты жоғарылап, екінші орынға көтерілді.

Ал Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен Нұрбек Оралбай (85 келі) өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеді.


Бөлісу