Басты Жаңалықтар Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күнінде әйелдер арасында 57, 61, 69 және 77 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынды.
Бұл күні жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Аянат Жұмағали 77 келіде өнер көрсетіп, 218 келі (98+120) нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.
Ал 69 келіде Астана қаласының өкілі, 14 жастағы Маргарита Ермакова топ жарды. Жас спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 212 келі (94+118) нәтижесін тіркеді.
Жарыс күнінің қорытындысы:

57 кг:
Алтын медаль - Екатерина Алякина (Қарағанды облысы) – 180 келі (80+100)

Күміс медаль - Карина Кодирова (Қарағанды облысы) – 163 келі (70+93)
Қола медаль - Елена Белокопытова (Ақмола облысы) – 156 келі (71+85)


61 кг:

Алтын медаль - Инабат Өмірзақ (Қызылорда облысы) – 166 келі (71+95)
Күміс медаль - Виолетта Какалова (Қостанай облысы) – 152 келі (67+85)
Қола медаль - Софья Мухина (Жетісу облысы) – 147 келі (64+83)


69 кг:

Алтын медаль - Маргарита Ермакова (Астана) – 212 келі (94+118)
Күміс медаль - Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда облысы) – 198 келі (86+112)
Қола медаль - Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) – 197 келі (88+109)


77 кг:

Алтын медаль - Аянат Жұмағали (Алматы) – 218 келі (98+120)
Күміс медаль - Аружан Дәулетова (Шымкент) – 181 келі (81+100)
Қола медаль - Софья Шалгина (Шығыс Қазақстан облысы) – 173 келі (79+94)


Айта кетейік, ертең ерлер арасында 70 және 75 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.


Бөлісу