Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді.

Шпагада өнер көрсеткен ерлер құрамасы мен қылыш сайысында сынға түскен әйелдер командасы құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.
Шпага бойынша Қазақстан намысын Михаил Кузьмин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақов қорғады. Ақтық сында отандастарымыз Гонконг құрамасын жеңді.
Ал әйелдер арасындағы командалық қылыш сайысында Диляра Исабекова, Полина Ко, Адема Серікбай және Қайша Жәнібек топ жарды. Қазақстандық спортшылар финалда Гонконг құрамасынан басым түсті.
Сонымен қатар, Қазақстанның тағы екі командасы қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы қылыш сайысында Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы жүлдегер атанса, әйелдер арасындағы командалық рапира сайысында София Актаева, Ксения Андреева, Алена Гноева және Алина Искандерова үшінші орынға ие болды.
Жекелей сында шпагада Мария Лесовская күміс, ал Полина Лесовская қола медаль иеленді.
Еске салайық, бұған дейін Кирилл Проходов шпагадан алтын, Қайша Жәнібек қылыш сайысынан күміс, ал Диляра Исабекова қола жүлде жеңіп алған болатын.

Бөлісу