Пара жүзу: Әли Тұрғанбеков күміс, Диас Кенжебек қола медаль жеңіп алды
Азия Пара ойындарында қазақстандық жүзушілер тағы екі жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасында SB4 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен финалда Әли Тұрғанбеков 1:44.26 нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді. Алтын жүлдені 1:41.44 уақытпен малайзиялық Мұхаммад бин Зулкафли жеңіп алса, қола медаль 1:57.25 нәтижемен үндістандық Рохит Кумарға бұйырды.
Сондай-ақ ерлер арасында S10 санатында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзген Диас Кенжебек 1:05.50 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып жетіп, қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Диас Кенжебектің V Азия Пара ойындарындағы медаль саны төртке жетті. Оның еншісінде бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05