Басты Жаңалықтар Роман Потапов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Роман Потапов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Роман Потапов V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық пара жүзуші Роман Потапов Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында 100 метрге шалқалап жүзуден қола медаль жеңіп алды.

S11 санатында сынға түскен отандасымыз финалда 1:10.32 нәтиже көрсетіп, үздік үштікке енді. Осылайша, Қазақстан құрамасы пара жүзуден тағы бір жүлдемен толықты.

Роман Потапов Қарағанды облыстық мүгедектер спорты мектебінің тәрбиеленушісі. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара жүзуден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Спортшы бұған дейін де халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған.

Айта кетейік, 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия Пара ойындарында Роман Потапов 100 метрге шалқалап жүзуден қола медаль иеленген еді. Сондай-ақ ол Сингапурда өткен пара жүзуден әлемдік серия кезеңінде екі күміс жүлде жеңіп алған.

Бөлісу