Басты Жаңалықтар Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды

Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды

Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының пара велошабандоздары екі жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы 4000 метрге жеке қуу жарысында Анастасия Калаус пен пилот Полина Братчикова күміс медаль иеленді.

Ал ерлер арасындағы B санатында Кирилл Ильюкевич пен пилот Глеб Брусенский қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық тандем қола медаль үшін бәсекеде 4:40.035 нәтиже көрсетіп, 4:46.683 уақыт тіркеген Индонезия құрамасынан басым түсті.

Осылайша, қазақстандық пара велошабандоздар Азия Пара ойындарында ел қоржынына күміс және қола медаль қосты.

Бөлісу