Басты Жаңалықтар Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрсынай Қабыл күміс медаль жеңіп алды.
41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы алғашқы мүмкіндігінде 100 келіні, екінші мүмкіндігінде 102 келіні, ал үшінші мүмкіндігінде 104 келіні сәтті көтеріп, екінші орынға ие болды.

  • Аталған салмақ дәрежесінде Қытай спортшысы Цуй Чжэ 120 келі нәтижемен алтын медаль жеңіп алса, Индонезия өкілі Ни Ненгах Видиасих 97 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Бөлісу