Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды
Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Шешуші жарыс күні еркін күрестен соңғы жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан командасының спортшысы Мерей Базарбаев 57 кг дейінгі салмақтың финалында Бекир Кесермен (Түркия) белдесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 8-0. Осылайша, отандасымыз күрестің осы түрінен командаға жалғыз жүлдені сыйлады.
Биылғы Лас-Вегастағы бәсекені Ұлттық құрама барлығы 7 жүлде - 3 алтын, 1 күміс, 3 қоламен аяқтады. Біздің жүлдегерлер:
Алтын - Айбек Айтбеков (-60 кг), грек-рим күресі
Алтын - Юсуф Ашрапов (-72 кг), грек-рим күресі
Алтын - Мерей Базарбаев (-57 кг), еркін күрес
Күміс - Темірлан Тұрдақын (-87 кг), грек-рим күресі
Қола - Шұғыла Өмірбек (-55 кг), әйелдер күресі
Қола - Арсен Жұма (-55 кг), грек-рим күресі
Қола - Джохар Узаров (130 кг), грек-рим күресі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы