Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
Астанада Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық құрамасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шарада спортшыларға Мемлекеттік ту табысталып, құрама атынан Дастан Мұқашбеков ант берді.
Айчи–Нагоя 2026 ойындары 18–24 қазан аралығында Жапонияда өтеді. Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 150 спортшы бақ сынайды. Олар пара жеңіл атлетика, пара дзюдо, пара жүзу, пара таеквондо, пара пауэрлифтинг және өзге де спорт түрлерінде ел намысын қорғайды.
Шара барысында Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық құрамасының алғашқы ресми маскоты — «Жеңіс» таныстырылды. Қарақал бейнесінде жасалған маскот қайсарлықты, рух күшін және шексіз мүмкіндіктерді бейнелейді.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындарына Азияның 45 елі мен өңірінен шамамен 4 мың спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасына 18 спорт түрі енгізіліп, 502 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10