Айбек Оралбай – Азия ойындарының чемпионы
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Аса ауыр салмақта Қазақстан өкілі Айбек Оралбай Өзбекстан спортшысы Джохангир Зокировті жеңіп, Азия ойындарының алтын медалін иеленді.
Әлем чемпионы Айбек Оралбай финалда Джохангир Зокировті төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
Отандасымыз жарыс жолында ширек финалда Қырғызстан өкілі Мирзакир Кошалиевті, жартылай финалда Үндістан спортшысы Нарендерді де 5:0 есебімен жеңген.
Осы салмақта Азия ойындарында бұған дейін Иван Дычко (2014) мен Мұхтархан Ділдәбеков (1998) чемпион атанған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды
20.11.2026, 17:44
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы
20.11.2026, 11:10
Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
19.11.2026, 16:08
Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
19.11.2026, 15:31
Қазақстанда алдағы екі жылда UFC турнирі өтуі мүмкін
19.11.2026, 14:59
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Азия ұлттары кубогының қола жүлдегері атанды
19.11.2026, 13:03
Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды
19.11.2026, 10:21
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
18.11.2026, 19:24