Басты Жаңалықтар Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы

Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы

Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы

Қазақстан чемпионатының төртінші жарыс күнінде ерлер арасында 70 және 75 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталды.

70 келіде Ақмолда Сайрамкез 302 келі нәтижемен алтын медаль иеленді. Жетісу облысының өкілі жұлқа көтеруде 132 келі, серпе көтеруде 170 келіні бағындырды. Екінші орынды Дәулет Алпысбай (286 келі), үшінші орынды Сергей Чуев (276 келі) иеленді.

75 келіде Петр Хребтов 323 келі нәтижемен чемпион атанды. Алматы қаласының өкілі жұлқа көтеруде 143 келі, серпе көтеруде 180 келі көтерді. Күміс медаль Бексұлтан Айтбайға (318 келі), қола жүлде Ерсұлтан Тұрсынбековке (299 келі) бұйырды.

70 келі. Қоссайыс нәтижесі:

  1. Ақмолда Сайрамкез (Жетісу облысы) – 302 келі (132+170)

  2. Дәулет Алпысбай (Түркістан облысы) – 286 келі (130+156)

  3. Сергей Чуев (Жетісу облысы) – 276 келі (126+150)


75 келі. Қоссайыс нәтижесі:

  1. Петр Хребтов (Алматы қаласы) – 323 келі (143+180)

  2. Бексұлтан Айтбай (Қызылорда облысы) – 318 келі (135+183)

  3. Ерсұлтан Тұрсынбеков (Шығыс Қазақстан облысы) – 299 келі (141+158)


Бөлісу