Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
Англия құрамасының капитаны әрі «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн Лондонда өткен France Football журналының нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды. Марапаттау рәсімі «Алтын доп» жүлдесінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Кейн үздік ойыншы атанып, Килиан Мбаппе екінші, Ламин Ямаль үшінші орынға тұрақтады. Үздік бестікте Родри төртінші, Лионель Месси бесінші орын алды.
Ерлер арасындағы үздік бес ойыншы:
Харри Кейн (Англия, «Бавария»)
Килиан Мбаппе (Франция, «Реал Мадрид»)
Ламин Ямаль (Испания, «Барселона»)
Родри (Испания, «Манчестер Сити» / «Барселона»)
Лионель Месси (Аргентина, «Интер Майами»)
Кеш барысында өзге де жеке марапаттар табысталды. Ламин Ямаль жас ойыншыларға арналған Раймон Копа жүлдесін иеленсе, Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте Йохан Кройф атындағы үздік бапкер жүлдесіне ие болды.
Герд Мюллер атындағы үздік сұрмерген жүлдесі де Харри Кейнге бұйырды. Қақпашылар арасындағы үздік ойыншы деп Испания құрамасы мен «Атлетик» клубының өкілі Унаи Симон танылды. Ал ерлер арасындағы үздік клуб атағын француздық «Пари Сен-Жермен» иеленді.
Әйелдер арасындағы «Алтын доп» жүлдесі Испания құрамасы мен «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Алексия Путельясқа табысталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы