Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи–Нагояда өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы отырып ойнау волейболынан күміс медаль иеленді.

Финалда отандастарымыз Иран құрамасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Партиялар 25:19, 25:13 және 25:12 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы финалға дейінгі жолда бірнеше тартысты кездесу өткізді. Топтық кезеңде Таиланд құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, Иранға есе жіберді. Ал жартылай финалда Ирак құрамасымен кездескен қазақстандықтар алғашқы екі партияда жеңіліп жатып, ойын барысын өзгертіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу