Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды

Аичи–Нагоядағы V Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасы пара жүзуден аралас 4×50 метрге еркін стильдегі эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Отандастарымыз қашықтықты 2:48.99 уақытта жүзіп өтті.
Команда сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Габидуллина өнер көрсетті.
Алтын медальді 2:25.22 нәтижесімен Қытай құрамасы иеленсе, Филиппин спортшылары 2:54.64 уақыт көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу