Басты Жаңалықтар Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды

Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды

Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды

V Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары шосселік веложарыстан екі жүлдеге қол жеткізді.

B класындағы әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Калаус пен пилот Полина Братчикова 2:05:47 нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.

Осы сайыста Жұлдыз Қайнарова мен пилот Анжела Соловьева да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық жұп қашықтықты 2:09:43 уақытта бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, қазақстандық пара велошабандоздар жарыстың қос жүлдесін өзара бөлісті.

Бөлісу