Басты Жаңалықтар Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық пара жеңіл атлет ядро серпуден F35 санатындағы жарыста 12,09 метр нәтижесін көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Бұл сайыста Өзбекстан өкілі Хусниддин Нурбеков 15,43 метр нәтижемен топ жарды.

Айта кетейік, V Жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстан атынан пара жеңіл атлетикадан 14 спортшы ел намысын қорғап жатыр. Жалпы жарысқа Азия елдерінен 600-ге жуық пара атлет қатысуда.

Бөлісу