Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Мария Севостьянова Франция астанасы Парижде өткен Гран-при кезеңінде жүлдегер атанды. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта үш жеңіске жетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Мария алғашқы айналымда Қытайлық Тайбэй өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін венгриялық Лука Патакфалвиден де дәл осындай есеппен басым түсті. Ширек финалда өзбекстандық Мадина Мирабзалованы ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Алайда шешуші кезеңге өту үшін өткен белдесуде бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, Севостьянова Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды. 🇰🇿🥉
Айта кетейік, таеквондодан Гран-при сериясының финалы 27–29 қараша күндері Астанада өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01