Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өтіп жатқан гандболдан Азия чемпионатының алғашқы турында Аустралияны 37:18 есебімен жеңді.

23 қарашада өткен кездесуде отандық спортшылар ойын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қолдарына алды. Бірінші таймды қыздарымыз 18:8 есебімен аяқтады. Үзілістен кейін де қазақстандық гандболшылар қарқынын бәсеңдетпей, қарсыласынан 19 гол айырмасымен басым түсті. Ұлттық құраманың келесі қарсыласы – Үндістан. Кездесу 24 қарашаға жоспарланған.

Жарысты «Qazsport» телеарнасынан және сайтынан көре аласыздар.

Бөлісу