Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді
23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда әйелдер құрамалары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді.
Құрлық біріншілігі 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу болмақ. Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт команда Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Жарысқа он ұлттық құрама қатысады.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия және Өзбекстан құрамалары бар. Ал Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд А тобында өнер көрсетеді.
Қазақстандық гандболшылар турнирдегі алғашқы ойынын 23 қарашада Аустралия құрамасына қарсы өткізеді.
Жарысты «Qazsport» телеарнасынан және сайтынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
22.11.2026, 13:38
Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды
20.11.2026, 17:44
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы
20.11.2026, 11:10
Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
19.11.2026, 16:08
Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
19.11.2026, 15:31
Қазақстанда алдағы екі жылда UFC турнирі өтуі мүмкін
19.11.2026, 14:59
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Азия ұлттары кубогының қола жүлдегері атанды
19.11.2026, 13:03
Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды
19.11.2026, 10:21