Басты Жаңалықтар Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының екінші жүлдесі түсті. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 кг) қола медаль жеңіп алған еді.

Бөлісу