Басты Жаңалықтар Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды

Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды

Қазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды

Қазақстан спортшылары 2026 жылдың басынан бері халықаралық жарыстарда 341 медаль иеленді. Оның 103-і – алтын, 106-сы – күміс, 132-сі – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері отандық спортшылар әлем чемпионаттарында 43, Азия біріншіліктерінде 48 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Жетістіктер қатарында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісі мен Азия ойындарындағы нәтижелері де бар.
Сонымен қатар Елена Рыбакина әлемдік теннистегі тарихи жетістігімен көзге түссе, Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы жазғы Азия ойындарында 84 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Келер жылы Қазақстан бірнеше спорт түрінен әлем чемпионаттарын қабылдайды. Сондай-ақ 2027 жылы елдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілмек.

Бөлісу