Басты Жаңалықтар «Қайрат» алғашқы ойында жеңілді

«Қайрат» алғашқы ойында жеңілді

«Қайрат» алғашқы ойында жеңілді

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Польшаның «Пяст» командасына 0:2 есебімен жол берді.

23 қарашада Польшада өткен кездесуде алаң иелері алғашқы таймда екі гол соқты. 15-минутта Томаш Кшежель есеп ашса, араға екі минут салып Дилл «Қайрат» қақпасынан саңылау тапты.

Екінші таймда алматылық ұжым есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, қарсылас қақпасына гол соға алмады. Нәтижесінде кездесу 2:0 есебімен «Пясттың» пайдасына аяқталды.

Қарымта матч 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, «Қайрат» - футзалдан Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы.


Бөлісу