Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Алматыда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіске жетті.

Топтық кезеңнің үшінші турында отандастарымыз Өзбекстан құрамасынан 32:29 есебімен басым түсті.

Бұған дейін В тобында қазақстандық гандболшылар Аустралия мен Үндістан құрамаларын жеңген болатын.

Енді топтық кезеңнің соңғы турында жерлестеріміз Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.


Бөлісу