Басты Жаңалықтар Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді

Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді

Ламин Ямальдің жоқтығы «Барселона» ойынына әсер етпейді

Әзербайжандық «Сабах» клубының бас бапкері Валдас Дамбраускас Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Барселонаға» қарсы ойын алдында пікір білдірді. Литвалық маман каталондық клуб жұлдызы Ламин Ямальдің кездесуге қатыспауы қарсылас ойынына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.
«Ямальдің Бакуге келмегені жергілікті жанкүйерлер үшін «әттеген-ай» жаңалық болды. Ол – әлемдік футболдағы ерекше тұлғалардың бірі. Дегенмен оның жоқтығы «Барселонаға» қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Өйткені команданың әр ойыншысы – жұлдыз», – деді Валдас Дамбраускас. Сондай-ақ бапкер «Барселонамен» ойнау өз командасы үшін үлкен тәжірибе екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі қарсыласпен кездесуде гол соғу футболшыларды ерекше жігерлендіреді.
«Сабах» – «Барселона» ойынын бүгін сағат 22:35-те «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.


Бөлісу