Давид Дегтярев V Пара Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында қазақстандық пара пауэрлифтер 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 192 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, отандасымыз құрлықтық дода рекордын жаңартты.
Давид Дегтярев 19 қазандағы жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Осылайша, қазақстандық спортшы жарыс чемпионы атанды.
Бүгін Қазақстан құрамасы тағы екі жүлдеге қол жеткізді. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын медаль иеленсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақта 104 келіні көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды
19.10.2026, 16:00
Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен екі медаль жеңіп алды
19.10.2026, 15:30
Ибрагим Нұрмаханұлы V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
19.10.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды
19.10.2026, 11:00
Еркін Ғаббасов Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
19.10.2026, 10:00
Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 09:55
Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды
19.10.2026, 09:30