Басты Жаңалықтар Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Қазақстанның жастар құрамасы 15–27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында өтетін әлем чемпионатында барлық 20 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жарысқа 80 елден 500-ден астам боксшы қатысады деп күтілуде.

Ерлер құрамасын Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады. Команда сапында Азия чемпиондары Бибарыс Аширбай мен Владислав Саможонов бар.
Ерлер құрамасы:
50 кг – Әділ Асканбай
55 кг – Айдос Үсенов
60 кг – Данияр Ақбисенов
65 кг – Ақжүрек Қалабай
70 кг – Бибарыс Аширбай
75 кг – Әмір Рамазан
80 кг – Тимур Тайбеков
85 кг – Руслан Ахметов
90 кг – Еркетан Жарқынбек
+90 кг – Владислав Саможонов
Әйелдер құрамасы:
48 кг – Жадыра Қалтай
51 кг – Мәдира Жұмақан
54 кг – Жанель Имантаева
57 кг – Алина Құдайгенова
60 кг – Индира Қыдырмолдаева
65 кг – Айсұлу Мұхит
70 кг – Камила Оспанова
75 кг – Алтынгүл Аймұхан
80 кг – Айдана Убайдуллақызы
+80 кг – Зарина Толыбай


Бөлісу