Басты Жаңалықтар WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық атақ үшін даниялық Якоб Банкпен жұдырықтасады.

Тараптар жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келген. Бұл туралы WBO президенті Густаво Оливьери әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан 168 фунт салмақтағы бос тұрған чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарламаны алғанын қуана растайды. Қосымша мәлімет кейін жарияланады», – деп жазды Оливьери.
Бұл шешім Хамза Шираздың чемпиондық белбеуден ресми түрде бас тартуынан кейін қабылданған.
Сонымен қатар, The Ring басылымының журналисі Майк Коппингердің мәліметінше, жекпе-жек қаңтар айында Данияның Копенгаген қаласында өтеді. Бұл ақпаратты Якоб Банктің менеджері Спенсер Браун растаған.
Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Қазақстандық боксшы бұған дейін WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған.
Бөлісу