Еркін күрес: Едіге Қасымбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
ХХ жазғы Азия ойындарында еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Едіге Қасымбек қола медаль иеленді.
Отандасымыз бұған дейін 1/8 финалда Үндістан өкілі Раджат Рухалды 8:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді. Ширек финалда Өзбекстан балуаны Хасанбой Рахимовты 14:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда Иран өкілі Амир Хоссейн Зареге 3:3 есебімен есе жіберді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Едіге Қасымбек түрікменстандық Зыямухаммет Сапаровты 14:4 есебімен жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстан спортшылары жыл басынан бері 341 медаль жеңіп алды
20.11.2026, 17:44
Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: төртінші күннің қорытындысы
20.11.2026, 11:10
Михаил Шайдоров Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
19.11.2026, 16:08
Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
19.11.2026, 15:31
Қазақстанда алдағы екі жылда UFC турнирі өтуі мүмкін
19.11.2026, 14:59
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Азия ұлттары кубогының қола жүлдегері атанды
19.11.2026, 13:03
Ауыр атлетикадан 14 жастағы Маргарита Ермакова Қазақстан чемпионы атанды
19.11.2026, 10:21
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
18.11.2026, 19:24