Басты Жаңалықтар Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, пара жүзуден алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, пара жүзуден алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, пара жүзуден алтын медаль жеңіп алды

Аичи–Нагояда өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль иеленді.

Ерлер арасында S10 санатында 100 метрге шалқалап жүзуден өткен финалда отандасымыз 1 минут 1,98 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, Диас Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуден күміс медаль жеңіп алған еді. SM10 санатындағы финалда ол 2:21.61 нәтиже көрсетті. Алтын жүлде 2:18.11 уақытпен Азия Пара ойындарының рекордын жаңартқан Жапония өкіліне бұйырды, қола медальді Иран спортшысы иеленді.

Сонымен қатар, Диас Кенжебек 100 метрге еркін жүзуден де күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Осылайша, Диас Кенжебектің V Пара Азия ойындарындағы медаль саны үшке жетті. Оның еншісінде бір алтын және екі күміс жүлде бар.

Бөлісу