Басты Жаңалықтар Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Диас Кенжебек V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагоя 2026 V Жазғы Пара Азия ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек күміс медаль иеленді.

S10 санатында 100 метрге еркін стильде жүзуден өткен финалда отандасымыз 59,10 секунд нәтиже көрсетті. Ирандық Шахин Изадьяр да дәл осындай уақытпен мәреге жетіп, күміс жүлдені өзара бөлісті.
Ал алтын медальді 56,68 секунд нәтижесімен Иран өкілі Сина Зейгамине Жад жеңіп алды.
Бөлісу