Басты Жаңалықтар Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Даяна Федосова Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық пара дзюдошы Даяна Федосова Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін белдесуде Сингапур өкілі Хун Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңді.

Осылайша, Даяна Федосова V Пара Азия ойындарында қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, Даяна Федосова бұған дейін 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында да қола медаль иеленген еді.

Бөлісу