Басты Жаңалықтар Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде еркін бағдарламасын орындады.
Олимпиада чемпионы өз өнері үшін 168,62 ұпай жинады. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Шайдоров 263,49 ұпаймен жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.
Жарыстың жеңімпазы 293,25 ұпай жинаған жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Као Миура атанды. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Владислав Дикиджи (282,44 ұпай) иеленді. Үздік үштікті бейтарап ту астында сынға түскен Евгений Семененко (281,62 ұпай) түйіндеді.
Айта кетейік, бұл Михаил Шайдоров үшін биылғы Гран-при сериясындағы екінші жарыс болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы Францияда өткен кезеңге қатысқан.

Бөлісу