Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде.
51 келіде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда вьетнамдық Зи Там Нгуенге есе жіберді.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер Вьетнам өкілін жеңімпаз деп танып, есеп 0:5 болды.
Осылайша, отандасымыз Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды. Бұл Алуа Балқыбекованың мансабындағы алғашқы Азиадасы.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова - екі дүркін әлем чемпионы. Ал Қазақстан сапында алдағы уақытта Наталья Богданова (75 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг) және Төрехан Сабырхан (70 кг) шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шерзод Давлатов - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
04.10.2026, 21:01
Қазақстан Азиаданы тарихи нәтижелермен қорытындылады
04.10.2026, 15:02
Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
02.10.2026, 17:25
Әйелдер күресі: Зейнеп Баянова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 16:45
Еркін күрес: Едіге Қасымбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 16:30
Таеквондо: Тамирлан Тілеулес - Азия ойындарының чемпионы
02.10.2026, 16:00
Таеквондо: Батырхан Төлеуғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
02.10.2026, 15:50
Айбек Оралбай – Азия ойындарының чемпионы
02.10.2026, 15:35