«ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» фестивальі өз мәресіне жетті

Астана қаласының 20 жылдығына орай ҚР Мәдинет және спорт министірлігінің ұйымдастырумен Астана қаласы «Қазанат» атшабарында Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалінің қортынды сайыстары аяқталды.


Үш ай бойы республиканың барлық өңірлері 4 аймаққа  бөлініп өз мықтыларын анықтаған болатын. Өңірлерден үздік шыққан құрамалар финалдық бәсекеде бақ сынады. Фестиваль жеті спорт түрінен ұйымдастырылды. Олар: көкпар, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, аударыспақ  жамбы ату және теңге ілу. 

 

Жамбы ату бойынша Түркістан облысы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Шығыс Қазақстан алса, үшінші орынға Ақтөбе спортшылары лайық табылды. Және үздік төрттікті Ақмола облысы қортындылады.

 

Теңге ілу сайысында да Түркістан облысы спортшылары жеңімпаз атанды. Ізжанов Ғалымжан және Қамбаров Рахат, Садуақас Нұрбағлан барлық қарсыластарынан басым түсті. Екінші орын БҚО, үшінші орын Ақмола облысы, төртінші орын Қарағанды облысына бұйырды. 

 

Аударыспақ спорты бойынша  Ақмола мен Батыс Қазақстан облысы финальдық кездесуде өзара сынға түсіті. Тартысты өткен кездесуде Ақмолалық аударыспақ алыптары чемпион атанды. Ал, үшінші орын үшін Жамбыл облысымен Шығыс Қазақстан таласты. 

 

Тоғызқұмалақтан Павлодарлық команда Ақмола облысын басым түсіп жеңімпаз атанды. Ал, Атыраудан келген тоғызқұмалақшылар Түркістан облысының спортшыларына төтеп бере алмай, 4-ші орынды місе тұтты.

 

Асық ату спорт түрінен жастар арасындағы командалық есепте ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен халықаралық «Алтын сақа» турнирінің чемпиондары саналатын Асанқұл Нұрбек, Бұланбай Аслан, Мыңтөре Нұрбақыттардың бұл сайыста жолы болмады. Олар финалда 2:3 есебімен Жамбыл облысынан келген асық атушыларға жол берсе, ақтөбеліктерді 4:1 есебімен қапы қалдырған Шығыс Қазақстандық спортшылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.

 


Қазақ күресінен бозкілемде бел кеткенше белдескен балуандар аламнның қызығын келтірді. Финалда Түркістан мен Атырау облысының балуандары белдесіп, командалық жарыс нәтижесінде 7:1 есебімен оңтүстіктен келген апайтөс жігіттер күмәнсіз жеңіске жетті.

 


Көкпардан Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы және Ақмола облысы бас жүлдені сарапқа салды.Финалдық бәсекеге Жамбыл облысымен Маңғыстаулық көкпаршылар жолдама алды. Көрерменнің делебесін қоздырған ойында Жамбылдықтардың мерейі үстем болды. Үшінші орын үшін таласта Алматылық көкпаршылар Ақмолалық спортшыларды қапы қалдырып, қола медаль еншіледі.
 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Милад Карими Әлем Кубогында күміс медальға ие болды
«Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық боксшылар топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Әзірбайжанда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының чемпионы атанды
Үш қазақстандық боксшы WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді
Теннистен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі
2030 жылғы әлем чемпионатында 64 құрама ойнауы мүмкін
Шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дзюдодан Гран-приге Қазақстаннан кімдер барады?
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Ресми: ММА 2026 жылы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтетін ХХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Шахмат: Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа кубогында топ жарды
Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды
Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой бокста өнер көрсетеді
Сұлтан Заурбек Астанада жұдырықтасады
Фристайл-могулдан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында қола медальға ие болды