2018 жылғы Ұлттық спорттық жүлдені табыстау рәсімі өтті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылады. Ұлттық Спорттық Жүлде-2018 марапаттау рәсіміне танымал спортшылар мен жас чемпиондар, ел спортына еңбегі сіңген ардагерлер мен спорт саласын басқаратын тұлғалар жиналды.


Жыл сайынғы дәстүр бойынша, жанкүйерлер жүлде лауреаттарын тоғыз аталым бойынша Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтады. Айта кетелік, биыл өтінімдер ұлттық федерациялардан қабылданып, кейін ҰОК спорт Дирекциясы 2018 жылғы Жүлде үміткерлерінің тізімін құрды.


2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің жеңімпаздары:

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Юлия Галышева

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Дмитрий Алексанин

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» - Елена Круглыxина

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» - Әлия Юсупова

«Үздік жас спортшы» - Бекарыс Сәдуақас

«Жылдың үздік командасы» - Су добынан ерлер командасы

«Жыл жаңалығы» - Глеб Брусенский және Евгений Федоров

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» - ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясы

«Үздік аймақ» - Шымкент қаласы

Арнайы мүсінше барлық жеңімпаздарға табысталды. Тек қысқы маусымның басталуына байланысты, 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева салтанатты рәсімге келе алған жоқ.


Ұлттық Спорттық Жүлдені табыстау салтанатының теленұсқасы 9 және 31 желтоқсан күндері тиісінше «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан көрсетіледі. 



Olympic.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды