«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздік күніне орай арнайы жобалар дайындады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Тәуелсіздік күніне орай дайындаған арнайы жобаларының таныстырылымы өтті.


Шараға телерадиокорпорацияның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатыстып, «Qazaqstan», «Qazsport» және «balapan» телеарналарының Тәуелсіздік мерекесіне орай эфирге шығатын арнайы жобалары туралы айтты.


«Қазақстан» корпорациясының құрамына кіретін телеарналар мен радиолардың, оның ішінде Ұлттық арнаның ең басты мақсаты - ұлттық өнерді, ұлттық құндылықтарды насихаттау. «Еліміздің басты мейрамы - Тәуелсіздік күніне біз ерекше мән береміз. Өткен жылы хабарлағандай, жыл басында ең басты жобаларымыздың тұсаукесерлерін арнайы Тәуелсіздік күніне жоспарлаған болатынбыз. Сондықтан, ақпарат құралдары арқылы, біздің телевизиялық өнімдер арқылы, халық арасында Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығын арттыруға ұмтыламыз. Тәуелсіздік күніне орай, осы аптада болатын арнайы жобалардың бағдарламалық кестесін алдын ала талқыладық. Мереке күндері аудиторияның кең жиналатынын ескере отырып, танымдық, тәрбиелік маңызы зор жобалар дайындап, ұсынатын боламыз. Ұлттық арна «Кейкі мерген» және «Күй ғұмыр» атты тарихи телехикаялардың тұсауксерлерін осы мерекеге арнайы жоспарлады», -деді Басқарма төрағасы Е.Қарин.


Ал, «balapan» арнасының кішкентай көрермендері бүгіннен бастап HD форматта Айдар», «Дала ойындары», «Ертемір» атты жаңа үш мультхикаяны тамашалай алады. Мақсат - Қазақ анимациясы арқылы ұлттық кейіпкерімізді жасап шығару.


15 желтоқсаннан бастап 14:50-де «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 16 бөлімді «Кейкі мерген», ал, 17 желтоқсан күні сағат 21:50-де күй өнері, қазақтың жаны - домбыраны арқау еткен «Күй ғұмыр» телехикаясы эфирге шығады. 16 желтоқсанда, сағат 21:00-де «Men qazaqpyn» мегажобасының гала-концерті өтеді. Гала-концертте «Men qazaqpyn» жобасының жеңімпаздары терме, күй және ән жанрлары бойынша марапатталып, қазылар алқасының мүшелері Ұлжан Байбосынова, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Елшібаева өз өнерлерін көрсетеді.


15 желтоқсан күні сағат 18:20-да «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің елеулі оқиғалары мен жетістіктері, ҚР Президентінің атқарған жұмыстары баяндалатын «Qazaqstan» телеарнасы және «Igraphic» дизайн студиясы бірлесе отырып дайындаған бейнероликтер топтамасы ұсынылатын болады.


Сонымен қатар, Ұлттық арна көрермендері әдеттегідей «Ұмытылмас әндер» концертін, «Әзіл әлемі» ойын-сауықтық бағдарламасының жаңа шығарылымдарын көре алады.


Ал, «Qazsport» арнасында 16 желтоқсан күні, сағат 10:10-да «Анатолий Храпатый: Моя родная штанга» атты деректі фильмі, 19:35-те «Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуының финалдық көрсетілімі, 23:00-де «Astana arlans» кубогына арналған кәсіби бокс кеші көрерменге жол тартады.


«balapan» арнасы 10-желтоқсаннан бастап кішкентай көрермендерге HD форматта үш жаңа мультхикая тарту етпек. Дүйсенбіден бастап 12:35-те «Айдар», 12:45-те «Дала ойындары», 16:30-да «Ертемір» анимациялық фильмдері эфирге жол тартады. Сонымен қатар, «balapan» арнасының көрермендері «Орман күзеті» мен «Шахмат патшалығы» мультхихаяларын тамашалай алады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды