Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде топ жарды

Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Аталған сында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова (48 келі), Ангелина Лукас (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) және Ләззат Күнгейбаевалар (+81 келі) чемпион атанды.

51 келідегі чемпиондық атақ үшін қос қазақстандық боксшы таласты. Әлем чемпионы Назым Қызайбай тағы бір қазақстандық спортшы Ангелина Лукасқа есе жіберді.

Турнирдің үздік боксшысы атағын Римма Волосенко иеленді.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастаса, үздіктер қатарын Ресей мен Сербия боксшылары түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, Сербиядағы «Ұлттар кубогы» халықаралық турниріне әлемнің 20 мемлекетінен 170 спортшы қатысқан болатын.


Фото: Сергей Штрак

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды