Александр Москаленко мен Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады

42 жастағы Александр Москаленко 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

Александр Москаленко «Болат» (Теміртау), «Восток» (Өскемен), «Жеңіс» (Астана), «Алма-Ата» (Алматы) және «Қайсар» (Қызылорда) клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2011 жылы «Болат АМТ» командасында бастады. Теміртаулық ұжымда төрт жыл еңбек атқарғаннан кейін «Қайсардың» бас командасының жаттықтырушылар штабына енді. 2018 жылы «Екібастұзды» жаттықтырды. Сол жылдың наурызында елордалық «Астана» командасының жаттықтырушылар штабын толықтырды.

Оның көмекшісі болып соңғы жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарған Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды.   

Қайрат Нұрдәулетов ұлттық құраманың капитаны болды. Оның қатарында 35 матч өткізіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар, Алматы футболының түлегі ЦСКА-Қайрат (Алматы), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Тобыл» (Қостанай), «Астана» және «Қайсар» (Қызылорда) футбол клубтарында ойнады.



kff.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды