Хоккейден Қазақстан құрамасы литвадан басым түсті
Қазақстан шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында екінші кездесуінде Литва құрамасынан басым түсті.
Ойындағы есепті Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастин Бойд ашты. Екінші кезеңе қорғаушы Никита Клещенко есепті еселеді. Үшінші кезеңнің басында Литва құрамасы Домейконың көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Ал ойын аяқталар тұста Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц қарсыластың қақпасына үшінші шайбаны соқты.