Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңі қай уақытта өтеді?

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан 2020 жылғы Токио ойындарына іріктеу кезеңі өтетін мерзімді атады.

ХОК мәлімдесіне сәйкес, 2020 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Азия/Океания аймағында іріктеу сыны өтеді.

Сондай-ақ, келесі жылдың мамыр айында өтетін әлем чемпионатында Олимпиада ойындарына лицензия алуға болады. Жалпы алғанда, Токио ойындарына жолдама тарататын төрт турнир ұйымдастырылады. 

ХОК бокстан Олимпиада бағдарламасына енетін салмақ дәрежелерін де анықтады. Жапония астанасында өтетін Олимпиадада ерлер арасында 8 салмақта медальдар сарапқа салынса, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. 

Ерлер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері: 52 келіге дейін, 57 келіге дейін, 63 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келіге дейін, 81 келіге дейін, 91келіге дейін, +91 келі.

Әйелдер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері: 51 келіге дейін, 57 келіге дейін, 60 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келі. 


Дереккөз: ҚР ҰОК

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды