Қазақстандық 6 боксшы жартылай финалға шықты
Ширек финалда жұдырықтасқан 7 боксшының 6-ы жартылай финалға жолдама алды.
1/4 финалында жарақатына байланысты Қайрат Ералиев қана жарыс жолын ерте аяқтады. Қалған былғары қолғап шеберлері финалға жолдама алу үшін бақтары мен баптарын безбенге салады.
Жартылай финал 20 қыркүйекте өтеді. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.