"БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты
Шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты. 1/16 кезеңінде қазақстандық команда бельгиялық "Андерлехттен" 2:0 есебімен басым түсті. Ойындағы алғашқы голды 27-минутта Кеннеди Роуз соқты. Екінші таймның соңына қарай Алина Литвиненко 11-метрлік айып добын сәтті орындап, қарсыластар қақпасына кезекті допты соқты.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.