Нұр-Сұлтандағы "М-1 Challenge-105" турнирін "QAZSPORT" тікелей эфирде көрсетеді

19 қазан күні елордада аралас жекпе-жектен "М-1 Challenge-105" турнирі өтеді. Аталмыш жекпе-жек кешінде қос бірдей чемпиондық атақ үшін кездесулер өтеді. Кештің басты бәсекесінде жеңіл салмақтағы М-1 чемпионы отандасымыз Сергей Морозов пен америкалық Джош Реттингхаус рейджке шығады. 2016 жылы екі спортшы айқасқа түсіп, америкалықтың жолы болды. 1-раундтың 5-ші минутында отандасымызды нокаутқа түсірген болатын. Жерлесіміз жергілікті жанкүйерлерінің алдында 3 жыл бұрын кеткен есесін қайтарады деп сенеміз. 

 M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағы үшін қазақ батыры Ассу Алмабаев тәжірибелі спортшы Крис Келадеспен сынға түседі. Арман Әшімов жарақатына байланысты бұл атақ үшін жұдырықтаса алмайды. 

Сондай-ақ, дәл осы күні Азамат Марқабаев грузиялық Бека Гогаладземен күш сынасса, Жұман Жұмабеков қырғызстандық Руслан Құдайбердиевпен айқасқа түседі. 

Исатай Теміров ресейлік Данила Приказамен кездеседі. Оның қарсыласы Данила Приказаның өткен жолғы Қазақстандағы жорығы сәтсіз аяқталды. Жеңілмеген қазақ спортшысы Шавкат Рахмоновтан жеңілген еді. 

Сонымен қатар Нұр-Сұлтандағы жарыста Сәбит Жүсіпов пен Абылайхан Қадыржан кезекті жекпе-жектерін өткізеді. 

19 қазан күні өтетін турнир ресейлік промоушен үшін соңғы 12 айда Қазақстан аумағында ұйымдастырған 4-ші жарыс болмақ. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Арайлым Әбенова - самбодан Әлем Чемпионы
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
Астана қаласында бокстан Жазғы Спартакиада өтеді
  • Жаңалықтар
Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті