Андре Уорд: Сергей Ковалев - бұдан былай "Krusher" емес.

Андре Уорд: Сергей Ковалев - бұдан былай "Krusher" емес.


Әйгілі америкалық боксшы Андре Уорд Альварес пен Ковалев арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты


"Ковалевтың соққылары өте ауыр, алайда жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз. Ярдқа қарсы өткізген кездесуін тамашаладым. Жақсы өнер көрсетті, дегенмен, жасы келгені байқалады. Ковалев - өте талантты әрі қауіпті қарсылас, бірақ қазір ол - "Krusher" емес. Өте тартысты кездесу болары анық. Менің ойымша, кездесу соңында "Канело" жеңіске жетеді,"- деді америкалық боксшы.


Естеріңізге сала кетейік, Андре Уорд пен Сергей Ковалев кәсіпқой рингте екі рет кездесті. Қос жекпе-жекте де америкалық былғары қолғап шебері жеңіске жетті.


2 қараша күні Лас-Вегаста Сауль Альварес пен Сергей Ковалев шаршы алаңда кездеседі. Қос спортшы WBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов жұдырықтасатын бокс кешін 3 қараша күні сағат 06:25-тен бастап "QAZAQSTAN" және "QAZSPORT" телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды